Жаңалықтар

«Өз құқығыңды біл!» семинар-тренингі өтті

25-27 қараша күні Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министірлігінің қолдауы және «Адамгершілік» ҚҚ ұйымдастыруымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында тегін «Өз құқығыңды біл!» семинар-тренингі өтті. Семинар-тренинг «Атырау облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Атырау облысы тұрғындарына арналған шарада қатысушылар тұтынушылық құқық жөнінде көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

«Тұтынушылардың негізгі құқықтары» тақырыбындағы тренингтің мақсаты - Атырау облысы халқының тұтынушылық құқық сауаттылығын арттыру, әр түрлі жағдайларда өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға үйрету, азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсету. Семинар- тренингте ҚР Ұлттық Банкінің Атырау облысы филиалының маманы Н.Әжіғалиев, Атырау облысы бойынша адвокаттар коллегиясының төрайымы А.Омарова, «Адамгершілік» қоғамдық қорының төрайымы С.Рахимова және заңгер Д.Улжағалиева тұрғындарға тұтынушылардың негізгі құқықтары жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.