Белсенді ҮЕҰ

«Аяз би» ауыл мәдениетін қолдау қоры

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауларының орындалу барысын насихаттау, Ауыл тұрғындары арасында мемлекеттік-саяси ақпараттық насихаттың жүйелі жүргізілуін ұйымдастыру. 

Үкіметтік емес ұйым бағыты: Мәдениет пен өнерді дамыту. 

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Аронов Жеңіс

Жобалар:1. «Мерейлі мекен» республикалық қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық журналы.

Жобаның басты мақсаты – ҚР Президентінің жылма-жылғы Жолдауларының өңірлердегі орындалу барысын халыққа кеңінен насихаттау. Соның ішінде, «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасының, «Мәңгілік ел» идеясының, «Ел бірлігі» доктринасының ұңғыл-шұңғылымен ел тұрғындарын ақпараттандыру.
Аталмыш басылым бастапқыда тоқсанына бір рет шығып, 3000 данамен Батыс аймаққа таралса, 2018 жылдан Республиканың барлық облыстарындағы оқырмандарымен айына 5000 данамен бір рет қауышып, олардың сұранысып толық өтеп келеді.
«Мерейлі мекеннің» негізгі рубрикалары: «Атырау ардақтылары», «Тарих тағылымы», «Инновация иірімдері», «Әдебиет әлемі», «Мәдениет майталмандары», «Еңбегімен еленгендер», т.б.

2. «Атырау өңірінің энергетигі» газеті

А3 форматында «Атырау Жарық» АҚ қызметкерлеріне тұрақты түрде тегін таратылып келеді.
Басылым беттеріндегі материалдардың басым көпшілігі «Атырау Жарық» мекемесінің ішкі тынысы, ондағы энергетикалық құрылымдардың жұмыс нәтижесі, жекелеген энергетиктердің еңбегі жайында.