Конкурстар

BIRLES ATYRAU – Шеврон компаниясы мен әріптестікте Impact Hub Almaty ұсынған идеялардың ашық байқауы

АТЫРАУ қаласы тұрғындарының назарына!

Бүгінгі жағдай COVID-19-дың қазіргі өмірімізге қалай әсер ететіні және кейінгі салдарлары туралы көбірек ойлантады. Біз түрлі идеяларды ұсыну арқылы пандемияның кері әсерін жойып, халыққа қолдау көрсете аламыз!

BIRLES ATYRAU – Шеврон компаниясы мен әріптестікте Impact Hub Almaty ұсынған идеялардың ашық байқауы. Мақсаты - төтенше жағдай кезінде Атырау қаласы тұрғындарын қолдау, сондай-ақ пандемияның кері әсерін жою.

➔ Әр азамат пандемия салдарын жеңуге немесе адамдардың ең осал топтарын қолдауға көмектесетін идеяны іске асыру үшін грант ала алады.

Идеяны қолдауға BIRLES ATYRAU қорынан 6 500 000 теңге бөлінеді.

Гранттар Волонтерлік қызметті мына бағыттар бойынша жүзеге асырады:

1. Ақпараттық жарияланымдар/халықтың COVID-19 туралы ақпаратқа дайындығы және пандемияны жеңу мақсатында ақпаратты насихаттау;
2. Төтенше жағдай уақытында білім беру (мысалы, аз қамтылған отбасылар үшін онлайн оқыту және т. б.);
3. Зардап шеккендерге және олардың жақындарына психологиялық қолдау көрсету

Өтініштер жеке тұлғалардан және үкіметтік емес ұйымдардан 2020 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады. Байқауға өтінім сілтемеде - https://forms.gle/3uUEES2xFe5xuwGs6

Қосымша ақпарат және сұрақтар үшін бағдарламаның үйлестірушісі Әйгерім Досқалиеваға хабарласа аласыз,эл. пошта: birlesatyrau@gmail.com