Жаңалықтар

Екі күндік «Өзгеге өмір сыйла» атты донорлық қан тапсыру акциясы өтті.

Екі күндік «Өзгеге өмір сыйла» атты донорлық қан тапсыру акциясына әр түрлі сала қызметкерлерінен 80-ге жуық қала тұрғыны қатысты.
Атырау облысы қан орталығы директорының орынбасары Жаңылсын Шиндаулованың айтуынша, Атырау облыстық қан орталығында жылына 6579 адам донор болуға келеді. Соның ішінде, 483 тұрақты донор бар. Үш ай сайын олар орталыққа қан тапсырып отырады.
Ал жыл басынан бері орталыққа 3525 адам донор болып, 1808 л қан тапсырған.


#өзгегеөмірсыйла