Жаңалықтар

Атырау қаласында тұңғыш рет "Марс" инклюзиялық шығармашылық шеберханасы ашылды

Орталық "Жүректен жүрекке" қоғамдық қорының қолдауымен ашылды. Ашылу салтанатына Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының орынбасары Сағадат Орынбасарұлы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты Бекқожиева Алия Байжанқызы қатысты.
image
image
Орталықтың ерекшелігі - 16 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерді шығармашылық арқылы еңбекке баулу, қоғамға қосу.
Шеберханада жасөспірімдерге тегін тігін курсы, гипстен мүсін жасау, қолөнер үйірмелері бар. Сондай-ақ, шет тілдері мен смм курстарын оқытады. Орталықтағы жасөспірімдер өздерінің қолынан шыққан туындыларды әртүрлі жәрмеңкелер ұйымдастырып, ірі компанияларға ұсынуына болады. Тапсырыстан түскен қаржы еңбекақы болып беріледі.