Белсенді ҮЕҰ

«Жастар қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі

Үкіметтік емес ұйым мақсаты:
Бірлестік қызметінің негізгі мақсаты мүшелерінің материалдық емес мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған, бірлесіп атқарылатын жұмыстарды жүзеге асыру, бірлестік мүшелерінің әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, заңды құқықтарын қорғау.

Үкіметтік емес ұйым бағыты:
Жастар саясатын қолдау және балаларды қорғау

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі:
Азаматов Арман Серікұлы

Жобалары1)U: hack Atyrau» инновациялық идеялар фестивалі

Жобаның мақсаты--инновациялық идеяларды жүзеге асыратын, қоғам мен мемлекеттің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған, сондай -ақ креативті жас ұрпақтың әлеуетін дамытуға бағытталған. Әр секцияда республикаға танымал сала модераторлары болады. Байқауда әр өңірден келген 500-ден астам жас бақ сынады. Екі күнде U:hack қатысушылары топтарға бөлініп, тың идеяларды жүзеге асырды. Идеяларын әділқазылар алқасына ұсынып, қорғады. Жоба IT,контент және медиа,кино және видео,кәсіпкерлік сынды 4 секция бойынша өткізілді.

2)«Jastar Otanga» жастар лагеріЖобаның негізгі мақсаты - жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарды насихаттау болып табылады. Лагерь барысында түрлі тренингтер, облыс әкімімен кездесу, брейн-ринг, кезекті FUN TIME пікірсайыс турнирі, әртүрлі стартап жобалары ұйымдастырылды.

3) «Saraishyq Upgrade» Атырау облысы жастары форумы
Форумның мақсаты – жастарды біріктіру, жастар арасындағы ынтымақ­тастық пен достықты нығайту. “APEC PetroTechnic” жоғарғы колледжінде салтанатты түрде ашылды. Форумға еліміздің Батыс аймағы мен Астана, Алматыдан шығар­машыл жастар, болашақ мамандар қатысты. Форумда өңірлік жастарды дамытуға арналған 3 бағыт (білім және кәсіптік бағдар, мәдениет және шығармашылық, салауатты өмір салты және бос уақытты тиімді пайдалану) бойынша әртүрлі идеялар мен ұсыныстар қаралды.


4) «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды сайысы
Сайыстың мақсаты-ойыншылардың өз білімдерін әр түрлі ғылымдарда көрсетуі.Ойын бір минут ішінде жаңа білім алуға, сонымен қатар өздеріне керекті мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл ойынға бірнеше командалар қатысып, әлеуметтік желі арқылы Атыраулықтарға өз сұрақтарын жолдауды ұсынды. Барлық қатысушы командаларға алғыс хаттар, жеңімпаздарға диплом табыс етіледі.