Жаңалықтар

Атыраулық Үкіметтік емес ұйым өкілдері "Сорос-Қазақстан" қорының ресми өкілдерімен онлайн кездесті.

Кездесу барысында қордың бағдарламалар директоры Бота Аязбаева “Сорос Қазақстан” компаниясының жұмысынан хабардар етті.
Өз кезегінде "Адам құқықтары" бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева мен “Ашықтық және есептілік” бағдарламасының үйлестірушісі Асқар Көшкінбаев қатысушылардың “Қоғамның әлеуметтік әлсіз топтарына қаржы бөле аласыздар ма?”, “Атырау облысы бойынша Сорос өкілдері бар ма?” сынды сауалдарына нақты жауап берді.

Кездесу соңында қор қызметкерлері орталыққа алғыс білдіріп, Үкіметтік емес ұйым мүшелері кез -келген жобаны ұсыну форматында тапсырса қарап қолдайтындықтарын жеткізді.

Айта кетейік, “Сорос-Қазақстан” қорының құрылғанына биыл 25жыл, қор 7 бағдарлама бойынша жұмыс істейді.