Жаңалықтар

Атыраулық 16 үкіметтік емес ұйым 500 мың теңге көлеміндегі грантты жеңіп алды

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорының «Әрекет» жобасы аясында ҮЕҰ өкілдерін әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту бағдарламасы аяқталды.
23-27 шілде аралығында Азаматтық орталықтың мәжіліс залында өткен жобаға қатысушыларға бизнес-тренер Мадина Шынасыл түрлі тақырыптағы тренингтер жүргізді.
image
Жоба қорытындысы бойынша Атыраулық 22 ҮЕҰ жетекшілеріне сертификаттар табысталды.
Ал, 16 ҮЕҰ өкілі өздерінің бизнес-идеяларын қорғап, оны жүзеге асыру үшін 500 мың теңге көлемінде грант жеңіп алды.
image