Жаңалықтар

«Зейін - Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығы ашылды

Орталықта психикалық және сөйлеу қабілеті тежелген, сондай-ақ, аутизм белгілері бар балалар білікті мамандардан көмек ала алады. Мұнда логопед, дефектолог, емдік дене шынықтыру мамандары, АВА – терапевттер жұмыс жасайды.
image

Тәжірибелі мамандар балаларды мектепке дайындайды, олардың ой-өрісін, сөйлеу қабілетін, өзін ұстауды дамытуға және балаларды әлеуметтік жағдайға бейімделуді үйрететін болады.