Жаңалықтар

Атырауда зағип жандарға арналған аудио-кітаптың таныстырылымы өтті

⠀ «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көру қабілетінен айырылған жандарға арналған қазақ жазушылары шығармаларының аудио-кітап нұсқасының таныстырылымы өтті. 5 кітаптың аудио нұсқасы 7 ауданға табыс етілді. «Бұл кітаптарды аудио түрінде таратуымыздың басты мақсаты – көзі нашар көретін жандардың қоғамнан оқшауланбай, қоршаған ортаны танып-білуіне көмектесу. Атырауда алғаш рет ұйымдастырылған бұл шара жалғасын табады»,- дейді бірлестік жетекшісі Ж.Ғұмаров. 
Айта кетейік, «Мөлдір көз» ҚБ «Самұрық Қазына Trust» корпоративтік қорының «Әрекет» жобасы аясында 500 мыңдық грантты жеңіп алған болатын.