Жаңалықтар

"Заң clinic" жобасы басталды

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары!


Өмірде тәжірибелі заңгердің көмегіне мұқтаж болатын кездер жиі кездеседі. Жол қозғалысы, қылмыстық құқық, сақтандыру мәселелері, банктермен және коллекторлармен келіспеушіліктер, еңбек даулары, отбасылық және бизнес сұрақтары. Осындай жағдайларда сенімді және кәсіби заңгерді қалай табуға болады? Атырау облысы тұрғындары үшін «Адамгершілік» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Азаматтық орталық» мекемесінде «ЗАҢ clinic» жобасы бастау алды. Жоба мақсаты:

- Тегін құқықтық кеңес беру;
- Тұрғындардың құқықтары мен міндеттерін білуіне мүмкіндік жасау;
- Қоғамнан өз орнын табуға ықпал ету;
- Мәселелердің заң шеңберіндегі шешімін табуға жәрдемдесу.
Келіңіздер! Тегін құқықтық кеңес алыңыздар!
Мекен жайымыз: М.Өтемісов көшесі, 88. Байланыс телефоны: 8 701 434 38 98.