Бос лауазымдар

«Әкімшілік-құқық» бөлімінің маманы

Біліктілікке қойылатын талаптар.Заңгер, экономист,  мамандық бойынша жоғары немесе орта оқу орнынан кейiнгi тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.


Кәсіптік біліктілігі. Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, ұйымның құқықтық қызметі бойынша әдістемелік және басқа да материалдарды, азаматтық, еңбек, қаржылық, әкімшілік құқықты, салықтық заңнаманы, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметі жөніндегі есептілігін жасау, есепке алуды жүргізу тәртібін, шаруашылық шарттар, ұйымдық шарттар, салалық келісімдер жасау және ресімдеу тәртібі, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып құқықтық құжаттамаларды жүргізу және есепке алу және жүйелеу тәртібін, мемлекеттiк сатып алу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, менеджмент, маркетинг және экономика негіздері, бағаны қалыптастыру әдістері, стратегиясы мен тактикасы, құжаттардың әзiрлеу бойынша компъютерлік технология және бағдарламалық қамтамасыз ету.