Белсенді ҮЕҰ

«Бибі саз» жастар қоғамдық бірлестігі

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: Қоғамдық өмірде жастардың әлеуметтік рөлін нығайту;

Үкіметтік емес ұйым бағыты: Жастар саясатын қолдау және балаларды қорғау;

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Набиева Бибігүл Табылдықызы;

Жобалары:1. «Ауыл тынысы» жобасы
Жобаның мақсаты - жастарды ауыл өміріне, киелі мекенге тарту, ең бастысы халқымыздың сан ғасырлық мұрасы салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау. Жобаға барлығы 15 адам қатысты. Махамбет ауданы жастары Ақтоғай ауылдық округінде орналасқан «Досқайыров» шаруа қожалығының базасында демалыс ұйымдастырды.

2. «Жастар Отанға» күзгі лагері
Жобаның мақсаты- жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуге жәрдемдесу.Махамбет ауданыда ұйымдастырылган лагерге ауыл жастары және қоғам белсенділері, сондай-ақ Исатай ауданының жастары қатысты. Лагерь барысында жастарға тренингтер, квест ойындар, пікір талас алаңдары, сайыстар ұйымдастырылды. Аталмыш шараға қатысқан 25 қатысушы жоба соңында сертификатқа ие болды.