Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысында Орталық Азия волонтерлер форумы бастау алды.

Форумға волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Республикаларынан келген делегаттар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері мен волонтерлік саласындағы сарапшылар қатысады.

Бүгін форумның 1-кезеңі Түркістан облысында өтуде, оған Атырау облысынан жергілікті органның басшылары және 14 белсенді волонтер қатысуда.