Skip to content
Басты бет » ҮЕҰ анықтамалығы

ҮЕҰ анықтамалығы

  1. ҮЕҰ құру туралы шешім қабылдау.
  2. Әділет органдарында ҮЕҰ тіркеу үшін құжаттарды рәсімдеу
  3. ҮЕҰ тіркеген үшін алым төлеу
  4. Әділет органдарда ҮЕҰ тіркеу рәсімі
  5. Мөрді дайындау
  6. Банкте есеп шот ашу

ҮЕҰ тіркеуге арналған құжаттар жиынтығы:

Қоғамдық бірлестік (ҚБ)
 тіркеу туралы өтініш – тіркеудің 1 данасы  (ХҚО-дағы стендте немесе ғаламтор-ресурсында www.adilet.gov.kz үлгі);
 жарғы, құрылтай съезінде (конференциясында, жиналысында) қабылданған, тігілген және нөмірленген түрде қазақ және орыс тілдерінде – әр тілде 3 дана (әдетте, қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі жарғы өзі бір құжат болып табылады).
 құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) төрағасымен және хатшысымен қол қойылған, жарғыны қабылдаған хаттамасы – 1 дана.
 ҚБ азаматтар – бастамашылар тізімі тектері, аттары, жөндері, туылған күндері, айлары, жылдары, жеке сәйкестендірілген нөмірлері (ЖСН), тұратын жерлері, үй және қызмет телефондары көрсетілген, жеке қолдарымен бірге – 1 дана;
 түбіршек немесе басқа құжат, ҚБ-ны мемлекеттік тіркеу және бөлімшелері мен өкілеттіктерін есептік тіркеу үшін алым бюджетіне төленгенін растайтын – 1 дана.
 басқарушының жеке тұлғасын куәландыратын құжат көшірмесі (ЖСН).

Қор
 тіркеу туралы өтініш (тұрғындарға қызмет жасау орталығындағы стендте немесе ғаламтор -ресурсында www.adilet.gov.kz үлгі бар);
 жарғы, жалпы құрылтайшылар жиналысында қабылданған, тігілген және нөмірленген түрде қазақ және орыс тілдерінде – әр тілде 3 данадан (әдетте, қазақ және орыс тілдеріндегі жарғы бір құжат болып есептеледі).
 құрылтайшылық келісім-шарт (құрылтайшылардың саны біреуден асса);
 өкілетті органның жарғыны бекіткені туралы шешім;
 атқару органын тағайындағаны туралы алқалы басқару органның (қамқоршылар кеңесінің) шешімі (ескерту: шешім Қамқоршылар Кеңесінің отырыс хаттамасы ретінде ресімделеді  немесе оның үзінді көшірмесі ретінде);
 түбіршек немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін және бөлімшелері мен өкілеттіктерін есептік тіркеу үшін алым бюджетіне берешек төленгенін растайтын басқа құжат.
 басқарушының тұлғасын және қордың құрылтайшыларын (құрылтайшы заңды тұлға болған жағдайда – БСН) куәландыратын құжат көшірмесі (ЖСН).

Коммерциялық емес ұйымдар түрлеріМемлекеттік тіркеу үшін алым мөлшерлемесі (айлық есеп көрсеткіші – АЕК)  
Қоғамдық балалар және жастар бірлестіктері, қоғамдық мүгедектер бірлестіктері, олардың бөлімшелері мен өкілеттіктері, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің бөлімшелері  2АЕК
Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар (КЕҰ-ны қосып ала), олардың бөлімшелері мен өкілеттіктері (шағын кәсіпкерліктің субъектілері, олардың бөлімшелері мен өкілеттіктері және саяси партиялар, олардың бөлімшелері мен өкілеттіктері болып табылатын заңды тұлғалар қосылмайды)  6,5 АЕК

ҮЕҰ жұмысының заңдық аспектілері

  • «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР 1995 жылғы 17 сәуірдегі №2198 Заңы
  • «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР 1996 жылғы 31мамырдағы №3-I Заңы
  • «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР 2001жылғы 16қаңтардағы №142 Заңы
  • «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»
    ҚР 2005жылғы 12сәуірдегі №36-III Заңы
  • «Өзін өзі реттеу» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ.