Skip to content
Басты бет » «ҮЕҰ негіздері», «Сustomer development» тақырыбындағы семинар-тренингтің екінші күні өтті.

«ҮЕҰ негіздері», «Сustomer development» тақырыбындағы семинар-тренингтің екінші күні өтті.

Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 24 тамыз күні тренер Гүлмира Пармышеваның жетекшілігімен үкіметтік емес ұйым өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті.

Қатысушылар тренингтің екінші күні «ҮЕҰ негіздері», «Сustomer development» тақырыбында ҮЕҰ қызметі, міндеттері, гранттар, халықаралық ұйымдардың қолдауы, әлеуметтік жобалармен жұмыс жасау туралы ақпарат алды. Брендбук, логотип, презентация, сайт, әлеуметтік желілер, тауардың кәсіби қаптамасы туралы «Бренд болуды үйренеміз» мастер-классында танысса, «Әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері», «Сатып үйренеміз» тренингісінде B2C (business-to-consumer) -тұтынушыға (xалыққа) қызмет көрсету, B2B (business-to-business) – бизнеске қызмет көрсету, B2G (business-to-government) – мемлекетке қызмет көрсету (тағы басқа сату фишкалары) ұғымдарымен танысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.