Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Азаматтық орталығы» КММ-сінің ұйымдастыруымен «ҮЕҰ мектебі» жобасы аясында «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Күмісқалиев Ерлан Асылбайұлы ҮЕҰ өкілдеріне «ҮЕҰ тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында семинар тренинг өткізді.
Мақсаты- ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыру.
Тренингте «ҮЕҰ-ның қоғамдағы рөлі», «ҮЕҰ мен жергілікті билік арасындағы байланыс», «Мемлекет және құқық теориясы» тақырыптары қозғалды. Тренингке 14 үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысып, айтылған тақырып бойынша талқылау жүргізіліп, сұрақтарына жауаптарын алды.
