Бос лауазымдар
Атырау облысы «Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» КММ-сі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
Атырау облысы «Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-сі, Атырау қаласы, Махамбет көшесі 88, анықтама үшін байланыс телефондары: 8/7122/763848 және 8/7122/763846

Электронды пошта: gcenter.atr@gmail.com

«Медиа» бөлімінің маманы
Біліктілікке қойылатын талаптар. Білімі жоғары. Гуманитарлық, журналист мамандығы бойынша немесе педагогикалық білім. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (мамандығына сай арнаулы орта білімге рұқсат етіледі) бiлiм және жұмыс стажы болуы тиіс.

Кәсіптік біліктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын білуі. Компъютерде WORD, EXCELL, ACCESS бағдарламарын білуі керек.
«Кеңес беру» бөлімінің маманы
Біліктілікке қойылатын талаптар.Жоғары санатты: «Экономика», техникалық, заңгер мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білім 6 айдан кем емес еңбек стажы

Кәсіптік біліктілігі.Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
«Ұйымдастыру» бөлімінің маманы
Біліктілікке қойылатын талаптар.Жоғары санатты: «Экономика», техникалық, заңгер мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білім 6 айдан кем емес еңбек стажы.

Кәсіптік біліктілігі. Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері, жобаны басқару жөніндегі және басқа актілер, нормалар мен стандарттар, басқару және жалпы ұйым туралы негізгі ережелер, жаңа өнімдерді жасау стандарттары мен ережелер, ақпаратты өңдеудің теориялық және практикалық қағидаттары, жобалау тәсілдерінің әдістері мен стандарттары және уақыты басқару негіздері, жобаларды басқару құралдары мен әдістері, жобалау құжаттарын жасау әдістемесі, үкіметтік емес ұйымдармен келіссөздер жүргізу, жұмыстар арасындағы тәуелділік құжаттамасы, жоба қатысушылары мен команданың әрекеттерін үйлестіру мен тапсырмаларды қоя білу қағидаттары, жоба мақсаттарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру әдістері, жоба бойынша есептерді құру ережесі, жобаны басқару бойынша ақпараттық жүйелерді пайдалану қағидаттары, экономика негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және стратегиялық жоспарлау және жобаны басқару жұмыс стажы, командалық жобаны басқару тәжірибесі кемінде 2 жыл.
«Рухани жаңғыру бағдарламасына талдау және мониторинг» бөлімінің маманы
Біліктілікке қойылатын талаптар.
Білімі жоғары. Педагогикалық, заңгерлік.Тиiстi мамандық бойынша жоғары (мамандығына сай арнаулы орта білімге рұқсат етіледі) бiлiм және жұмыс стажы болуы тиіс.

Кәсіптік біліктілігі
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын білуі. Компъютерде WORD, EXCELL, ACCESS бағдарламарын білуі керек.
Байланыс
+7(778) 663-92-63
gcenter.atr@gmail.com
Атырау қаласы, Махамбет көшесі 88
Жаңалыққа тіркелу
© 2020 «Азаматтық орталық»
Сайт жасаған: Zhanbolat Academy