Skip to content
Басты бет » «Волонтерлердің қоғамдағы орны» тақырыбында тренинг өтті.

«Волонтерлердің қоғамдағы орны» тақырыбында тренинг өтті.

23 тамыз күні «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ-сі тапсырысымен Атырау облысы бойынша күміс волонтерлікті дамыту мақсатында «Волонтерлердің қоғамдағы орны» тақырыбында тренинг өтті.

Тренингке Атырау қаласы және 7 аудан бойынша 50 жастан асқан волонтерлер қатысты.

Тренингтің негізгі мақсаты – аға буын өкілдері арасында бастамашыл топтар құрып, өз өңірлерінде әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне атсалысу, қайырымдылық, экологиялық шараларды ұйымдастыру, егде жастағы адамдар өз тәжірибелері мен білімдерін басқалармен бөлісуі арқылы ұрпақтар сабақтастығын орнату. Сонымен қатар, зейнетке шыққан аға буын өкілдерінің өзін-өзі дамытуына және белсенді өмір сүруіне де ықпал ету, салауатты қартаю мен белсенді қарттық үшін қолайлы жағдай жасау.

Тренинг барысында волонтерлер «Волонтерліктің түрлері, «ҚР Волонтерлер туралы» Заңы, «Күміс» волонтерлік терминімен танысып, жыл аяғына дейін облыс көлемінде күміс волонтерлердің қатысуымен өтетін шаралар жоспарымен танысады.

Аталмыш тренингті тренер, әлеуметтік, медициналық, төтенше жағдай, білім волонтері Есниязова Мейрамгүл Тарғынқызы жүргізді.

Шараға облыс бойынша 32 күміс волонтер қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.