Skip to content
Басты бет » «ЗЕЙІН АТЫРАУ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ» ОРТАЛЫҒЫНА 3 ЖЫЛ

«ЗЕЙІН АТЫРАУ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ» ОРТАЛЫҒЫНА 3 ЖЫЛ

Атырау облысындағы инклюзивті білім беру жүйесінің белсенді түрде дамуына үлес қосып жүрген «Зейін Атырау» ерекше балаларды дамыту» орталығы жобасына 3 жыл толып отыр.

Осы жылдар арасында аталмыш орталықтың көмегімен 70 ерекше қажеттілігі бар бала арнайы маманның білімін алды. Қазіргі таңда 15 ерекше бала балабақшада, 20 ерекше бала мектепте білім алуда.

Сондай-ақ жоба аясында №24 және №3 орта мектептерде инклюзивті қолдау кабинеттері ашылды. Махамбет, Мақат және Индер аудандарында да ерекше балалардың білім алуына мүмкіндік жасап отыр. Осы орайда «Зейін Атырау» ерекше балаларды дамыту» орталығын атаулы мерекемен құттықтай отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алуына мүмкіндік жасап жатырған Сізге және ұжымыңызға шығармашылық табыс, жемісті жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.