Skip to content
Басты бет » «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті

«Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті

Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, «Samruk-Kazuna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева мен «Азаматты Орталық» басшысы Жаннат Досқалиева қатысты.

Орталық психикалық және сөйлеу қабілеті бұзылған, аутизм, церебральді сал ауруы және даун синдромы бар балаларды жан-жақты дамытумен айналысады.

«Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығы бүгінгі таңда айына 102 ерекше балаға қызмет көрсетіп отыр. Осы күнге дейін орталықта дамытылған 30-ға тарта ерекше бала қатарластарымен бірге балабақшаға баруға мүмкіндік алды, 15-ке тарта бала мектеп табалдырығын аттады.

Биыл «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен орталықта ерекше білім беру қажеттілігі бар 50 балаға 120 тегін курс ұйымдастырылуда.

Шара соңында «Азаматтық Орталық» басшысы Жаннат Досқалиева «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығының қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.