«Жан Еркемай Атырау» қоғамдық қоры «Жомарт жүрек» республикалық байқауында «Жылдың үздік ұйымы» номинациясының жеңімпазы атанды.

«Жомарт жүрек» – бұл қайырымдылық саласындағы маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін өткізілетін жыл сайынғы қайырымдылық сыйлығы. Сыйлық заманауи филантропияның көрнекті жетістіктерін көрсетеді.

Аталмыш байқауға биыл 200-ден аса ұйым қатысып, 50 адам 5 номинация бойынша жеңімпаз деп танылған.