Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік күніне «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы бойынша «Әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар қоры» ҚҚ (ӘБИҚ) іске асыратын «Жарқыра» бағдарламасы аясында пленарлық отырыс өтті, онда мемлекеттік және бизнес секторының спикерлері сөз сөйледі.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ермұханов Нұржан Мақсотұлы және форумды ашқан үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджерінің орынбасары Хеймиш Полс «Жарқыра» бағдарламасы байқауының жеңімпаздарына грант немесе пайызсыз несие алғанын және тәжірибе алмасу бойынша тағылымдамадан өткенін растайтын сертификаттар табыс етті.

Байқау қорытындысы бойынша пайызсыз несие алған «Шәкірт қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры мен «Зейін Атырау ерекше балаларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры және Алматыдан іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік алған Қызылқоға ауданынан «Мейірім» қоғамдық бірлестігін шын жүректен құттықтаймыз!
