Skip to content
Басты бет » Жазғы волонтерлер мектебі басталды

Жазғы волонтерлер мектебі басталды

ҚР-ның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-і ұйымдастыруымен Елордада 2022 жылдың жазғы волонтерлер мектебі басталды!

Волонтерлер 4 күн бойы волонтерлік бойынша үздік сарапшылардан қызықты сабақтардан өтіп, жаңа тәжірибелермен алмасатын болады. Волонтерлік бағыттармен толық танысып, сонымен қатар көптеген қызықты және пайдалы ақпараттар, жаңа таныстар, өз дағдылары мен құзыреттерін арттыра отырып, волонтерліктің керемет әлемімен танысатын болады.

Атырау облысы бойынша жазғы лагерге әлеуметтік, қайырымдылық бағытындағы волонтер Мейрамгүл Есниязова мен әлеуметтік, білім бағытындағы волонтер Рүстем Темірғалиев қатысуда. Волонтерлерге сәттілік!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.