Skip to content
Басты бет » «Жеңіс» жобасының координаторларына арналған екі күндік оқу 

«Жеңіс» жобасының координаторларына арналған екі күндік оқу 

Астана қаласында «Жеңіс» жобасының координаторларына арналған екі күндік оқу өтті. «Жаныңдамын» волонтерлік ұйымы тыл ардагерлеріне арналған осы жобамен жұмыс бастағанына жарты жыл болды.

Жоба «Самұрық-Қазына траст» корпоративтік қорының демеушілігімен «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-нің қолдауымен жүзеге асырылған болатын.

Жоба аясында әр аймақтан келген волонтерлік топ мүшелері Халықаралық волонтерлер форумына да қатысты.

Сонымен қатар, әр аймақтағы белсенді волонтерлердің атқарған жұмыстары мен фотоларынан көрме ұйымдастырылды. Атырау облысы бойынша медицина бағытындағы белсенді волонтер Арман Қасымов пен «Жаныңдамын» волонтерлік тобының жетекшісі Мейрамгүл Есниязованың да ақпараттары көрмеге қойылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.