Жергілікті атқарушы органдар басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен халықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесулер кестесіне сәйкес Жер қатынастары басқарма басшысы Ермекқали Әлібек Серікқалиұлы, Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқарма басшысы Арыстанова Гүлбаршын Жолдасқызы ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.
Шара барысында үкіметтік емес ұйым өкілдері басқарма басшысына сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
