Кездесуде ҮЕҰ өкілдерімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында көптің көкейінде жүрген өзекті сан сауал қамтылды.Жолдауда айтылған нақты тапсырмалар-жарқын болашаққа жол ашады деп сенеміз. Жалпы жолдау бес бағдарды қамтиды.

Олар Бірінші- Жаңа экономикалық саясат; Екінші- Нақты секторды дамыту; Үшінші- Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция; Төртінші- Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту және Бесінші- Заң және тәртіп.

Кездесу соңында ҮЕҰ өкілдері жолдауға қатысты өз ойлары мен пікірлерін білдірді.