Skip to content
Басты бет » «ЖанеркемАй-Атырау» қоғамдық қоры “Жұлдызай-2022” Ұлттық инклюзивті ойындарында бақ сынайды

«ЖанеркемАй-Атырау» қоғамдық қоры “Жұлдызай-2022” Ұлттық инклюзивті ойындарында бақ сынайды

Алматы қаласында 27-29 қыркүйек аралығында “Жұлдызай-2022” Ұлттық инклюзивті ойындары өтеді. Жарысқа 10-18 жас аралығындағы мүгедектігі бар балалар қатысады.

Сайысқа өңірімізден «ЖанеркемАй-Атырау» қоғамдық қоры жанынан құрылған параспортшыларыда бочча спорты бойынша сайысқа түсетін болады.

Бочча – бұл орталық жүйке жүйесінің зақымдануының және омыртқа жарақаттарының ауыр формалары бар ойыншылар үшін белсенді дамып келе жатқан спорт түрі, ойыншылардың денесінің физикалық дамуы мен жағдайына әсер етеді.

Айта кетейік ,«ЖанеркемАй-Атырау» қоғамдық қорының параспортшылары Астана қаласында өткен ҚР Чемпионатынанда жеңіспен оралған болатын.

Спортшыларға алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.