«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өңірдегі аудандарда «Қайырымдылық – қайырымды іс» акциясы өткізілді.
Аталмыш акцияға аудан тұрғындары мен жеке кәсіпкерлері демеушілік жасап, жалғызбасты, көп балалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік , дәрі-дәрмектер табыстады.
Сонымен қатар «Балалар жылына» орай Индербор кентінің балаларына тәттілер таратылды.
