27-ақпан Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күніне орай «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының “Азаматтық орталығы” КММ-сі және Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен Атырау облысының ҮЕҰ- ның қатысуымен екі күндік семинар- тренингі басталды

Семинар- тренингтің басты мақсаты еліміздің азаматтық қоғамын дамыту ,азаматтық қоғам институттарын нығайту.

Тренингтің бірінші күнінде 50-ден астам ҮЕҰ-дар қатысып,ҮЕҰ қызметін реттейтін заңдар,қаржылық менеджмент,жобалық менеджмент тақырыптарында өз білімдерін арттырып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.

ҮЕҰ- на арналған семинар- тренингтің екінші күні практика жүзінде жалғасты.
Оқыту жұмыстары барысында ҮЕҰ-ға
– Жобалық өтінімдерді толтыру
– Бюджеттік сметаны құру
– Мемлекеттік сатып алу порталы тақырыптары кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, тренерлер қатысушыларға ҮЕҰ тарапынан «Азаматтық бастамаларды қолдау» КЕАҚ гранттық байқауларына түсу кезіндегі жіберілетін қателіктерді ескерте отырып, кеңестер берді.