Skip to content
Басты бет » Азаматтық Орталықтың жылдық қорытынды есебі туралы отырыс өтті.

Азаматтық Орталықтың жылдық қорытынды есебі туралы отырыс өтті.

Азаматтық орталық басшысы Жәннат Зәкиқызының төрағалығымен, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Жалғасқызының қатысуымен Азаматтық Орталықтың жылдық қорытынды есебі туралы отырыс өтті.

Өңірдегі қоғамдық ұйымдар мен волонтерлердің басын қосқан кездесуде орталық басшысы ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыру мақсатында кешенді іс-шараларды іске асыру қызметі негізінде семинар-тренингтер ұйымдастырылғаны, «Qolday» жобасы, облыстағы түрлі салада қызмет ететін үкіметтік емес ұйым өкілдерінің басын қосу, оларды қолдау және бір-бірімен тәжірибе алмасуы мақсатында «Белсенді үкіметтік емес ұйымдар ауданда» жобасы, ҮЕҰ-ның белсенділігін арттыру және өзге өңірлердегі ҮЕҰ-мен іс-тәжірбие алмасу мақсатында 10 ҮЕҰ төрағалары Астана, Алматы қалаларына іссапары, сонымен қатар Атырау облысының волонтерлері мен волонтерлік ұйымдар арасында «DEMEY» байқауы, 50 жастан асқан адамдарды волонтерлік қызметке тарту мақсатында  «Kumis volunteer» жобасы іске асырылғандығы туралы баяндама жасады.

Кейін «Qolday», «DEMEY», «Үздік әлеуметтік жоба» байқауларының жеңімпаздары өз жобаларын таныстырып, атқарған жұмыс нәтижелерімен бөлісті.

Алқалы жиында Азаматтық орталықтың дамуына атсалысып, жұмысын жетілдіру бағытында үлес қосқан орталық мамандары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.