Skip to content
Басты бет » Бизнес-тренер Арман Ақбердиевтің екі күндік семинар-тренингі өтті

Бизнес-тренер Арман Ақбердиевтің екі күндік семинар-тренингі өтті

Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен бизнес-тренер Арман Ақбердиевтің екі күндік семинар-тренингі өтті.

Мақсаты- ҮЕҰ мүшелерінің көшбасшылық, байланыс (комуникация) және тиімді команда құру және оны басқару секілді дағдыларын қалыптастыру.

Тренингтің бірінші күні «Комиссия алдында жобаларды қорғау”, “Питчинг”, “Презентация түрлері» сияқты тақырыптар қозғалып, қатысушылар теориялық-практикалық сабақтардан өтті.

Тренингтің екінші күні «Атамекен» демалыс орнында өтті. Онда қатысушыларға командалық ойындар ойнатылып, көшбасшылық, бір-бірін тыңдау сияқты тақырыптарды қамтыды.

Тренинг соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталып, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.