Атырауда «JAS QAUYM» волонтерлік тобының ұйымдастыруымен «IFTAR TIME» қайырымдылық шарасы өтті.

Қасиетті Рамазан айында игі іс жасап, ауызашар дастарханын жайып, сонымен қатар бір отбасыға баспана сыйлауға мүмкіндік сыйлаған рухани кеш ұйымдастырушыларына “Иманғали” орталық мешітінің Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, іс-шарада түрлі қазақи дәстүрлерді насихаттайтын ойындар мен ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар табысталды.