Skip to content
Басты бет » Исатай ауданында «Атырау облысындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу кездесуі өтті.

Исатай ауданында «Атырау облысындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу кездесуі өтті.

Исатай ауданында «Атырау облысындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу кездесуі өтті.

Шараның мақсаты – түрлі саладағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) басын қосу, жас және кәсіби ҮЕҰ-дарды қолдау, тәжірибе алмасу, азаматтық сектор – бизнес құрылым өкілдері – мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, әріптестік орнату.

Кездесуді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Абежан Нұрғайша Халидоллақызы ашып, «Атырау облысы бойынша 2022 жылда ҮЕҰ-мен атқарылған жұмыстар және 2023 жылға арналған жоспарлар» тақырыбында «Азаматтық орталық» басшысы Жаннат Закиқызы жүргізді.

Кездесуге 10 ҮЕҰ қатысып, «ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ» тақырыбында сөз қозғап, өз оқиғаларымен бөлісті.
Сондай-ақ кездесуде аудан тұрғындары мен, белсенділері ҮЕҰ өкілдеріне сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді.

«Бізге Үкіметтік емес ұйым не үшін қажет? Үкіметтік емес ұйымдардың мақсаттары мен құрылымын түсіну» тақырыбындағы коуч, тренер-фасилитатор, бизнес команданы қалыптастыруды үйрететін жетекшісі – Секербаев Асқар Мұхамбетұлы фасилитация бағытында оқыту семинар-тренингі өтті. Тренингте аудан тұрғындары жобаның маңыздылығы, жобаны жазу сияқты тақырыптарда теориялық және практикалық түрде жұмыс жасады

Сонымен қатар милары зақымдалған балаларға арналған «Сенім тірегі» қоғамдық қорының төрайымы – Джумашева Самал Аманжолқызы (аутизм, ЗПРР, ОНР, РАС, СДВГ, ЗРР) балаларға арналған педагог – психолог; «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының төрайымы – Ермұханова Гүлбарам Саматқызы (аутизм, ЗПР, ЗРР) балалар логопед-дефектологы және «Болашақ К» қоғамдық қорының жоғары санатты дәрігер-невролог,дәрігер-реабилитолог, нейрореабилитолог маманы Рысақова Нұрша Әсетқызы жеке қабылдаулар өткізіп, балалармен жұмыстар жүргізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.