Skip to content
Басты бет » Қазақстанның ХI Азаматтық форумы өтті.

Қазақстанның ХI Азаматтық форумы өтті.

2023 жылғы 18-19 қазанда елордада Қазақстанның ХI Азаматтық форумы өтті. Оған ҮЕҰ жетекшілері, қоғамдық кеңестердің төрағалары, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес өкілдері, өңірлік және ұлттық даму институттары, ҚР «Атамекен» ҰКП, еліміздің түкпір-түкпірінен келген азаматтық белсенділер қатысты.
Форум аясында “Таңдау” Республикалық қоғамдық сыйлығы және ҮЕҰ арналған сыйлықақысының лауреаттары, Атап айтатын болсақ;
Атырау облысынан Облыстық демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу бағыты бойынша
«Атырау облысы бойынша іскер әйелдер Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі,
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағыты бойынша
«Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігі,
Мәдениет және өнерді дамыту бағыты бойынша
«Мен бармын» қоғамдық қоры
Азаматтардың денсаулығын сақтау,салауатты өмір салтын насихаттау бағытында
«Ой-сана» психологтер қоғамдық бірлестігі марапатталды.
Ал, “Таңдау” Республикалық қоғамдық сыйлығын
“Таңшолпан» балалар қоғамдық бірлестігі иеленді.
Жеңімпаз атанған ҮЕҰ өкілдерін құттықтай отырып, жұмыстарына жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.