Skip to content
Басты бет » Өзгеге өмір сыйла

Өзгеге өмір сыйла

Қан тамырлары ауруының алдын алып өз денсаулығыңызды жақсартамын десеңіз қайырымды іске Сіз де өз үлесіңізді қосыңыз!

Донор боламын десеңіз

18 жасқа толған болу міндетті
Жеке төлқұжатыңыз болуы шарт
Донор салмағы 55кг-нан жоғары, денсаулық жағдайы жақсы болғаны жөн.

ДОНОР ҮШІН НҰСҚАУЛЫҚ

• Қан тапсыру алдында кешке және таңертең майлы, етті, өткір және сүтті өнімдерден бас тартыңыз;
• Қан тапсыру алдында үш күн бұрын аспирин, анальгин және құрамында анальгетиктер бар дәрілерді қолданбаңыз;
• Қанды түнгі кезекшілік, түнгі жұмыстардан кейін тапсырмағаны дұрыс;
• Қан тапсыру күні алдында ауыр физикалық жұмыстармен, жаттығулармен айналыспаңыз;
• Қан донацияға дейін 3 сағат бұрын темекі шекпеңіз және 48 сағат алдын ішімдіктен бас тартыңыз;
• Қан тапсыратын күні аш қарынға келгеніңіз жөн.
• Қан тапсыратын күні жеке төлқұжатыңызбен келуді ұмытпаңыз.

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ, Авангард ы/а., Владимирский к-сі, 1А

14-15 маусым

09:00-12:00

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.