Skip to content
Басты бет » ҮЕҰ өкілдері аудандардағы ҮЕҰ өкілдерімен, қоғам белсенділерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында кездесу өткізді

ҮЕҰ өкілдері аудандардағы ҮЕҰ өкілдерімен, қоғам белсенділерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында кездесу өткізді

Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-сінің ұйымдастыруымен Қызылқоға ауданында Атырау қаласындағы белсенді қызмет атқарып отырған ҮЕҰ өкілдері аудандардағы ҮЕҰ өкілдерімен, қоғам белсенділерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында кездесу өткізді.

Аталмыш кездесуге аудан әкімі Қанат Әзмұханов пен Азаматтық орталық директоры Жаннат Досқалиева және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Сондай-ақ «Атырау.Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, реабилитолог-Кумискалиев Ерлан, «Зейін Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығының директорының орынбасары, дефектолог-логопед- Тасберік Ақжарқын, «ЖанЕркемай-Атырау» қоғамдық қорының төрайымы, ЛФК инструктор-Кубаева Алия Кубаевна аудандағы мүмкіндігі шектеулі және ерекше балалармен (дцп, зпр, зрр, аутизм, дауна) жеке қабылдаулар өткізді.

Кездесу соңында ҮЕҰ өкілдері аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар кездесу мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен өткізілген концертке ұласты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.