Skip to content
Басты бет » «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-нің жергілікті волонтерлермен кездесуі

«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-нің жергілікті волонтерлермен кездесуі

«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Birgemiz: áreket ýaqyty» волонтерлік саласындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асыру шеңберінде бүкіл республика бойынша волонтерлікті мемлекеттік қолдау стандартын біржолғы енгізу мақсатында 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада іс-шаралар мен кездесулер кешенін өткізудің басталғаны туралы хабарлайды. Бастаманы сапалы іске асыру үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, үкіметтік емес ұйымдардың және волонтерлікті дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінің қатысуы көзделген.

Іс-шарада «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-нің сарапшы, волонтерлікті мемлекеттік қолдау стандартын әзірлеуші қызметкері Амреева Елена, өңірлермен өзара іс-қимыл жөніндегі бағыттың басшысы Құсанова Ақерке қатысып жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, аудандық Жастар ресурстық орталықтарының басшылары, Төтенше жағдай Департаменті, Полиция департаменті өкілдерімен волонтерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау стандартын орындау бойынша семинар өткізді.

Іс-сапардың екінші күні «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ қызметкерлері өңірдегі белсенді волонтерлермен 2024-2027 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасына ақпарат жинау мақсатында кездесу өткізетін болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.