Волонтерлермен өткізілетін іс-шаралар талқыланды.
Кездесудің мақсаты – өңірдегі волонтерлік бағыттағы іс-шараларды талқылау.
Кездесуде Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының “Азаматтық орталығы” КММ-сі ұйымдастыратын іс-шаралар кешенінің маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар, кездесуге қатысқан волонтерлер өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Атап айтатын болсақ, белсенді волонтер Мейрамгүл Есниязова: Волонтерлерге әлеуметтік жобаларды жазатын тренинг ұйымдастыруды ұсынды.
Кездесуге “Харекет” қайырымдылық қоры, “№40 орта мектеп” оқушы-волонтерлері, “Республикалық Қызыл Ай” қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша филиалы, “Атырау-Эко” қоғамдық бірлестігі және т.б белсенді волонтерлер қатысты.
