
25 наурызда Облыстық халық шығармашылығы орталығында XVIII Республикалық мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстык фестивалінің бірінші кезеңі өтті. Фестивальда “Өмір гүлі ” мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығының бүлдіршіндері қатысты. Нәтижесінде шәкірттер жүлде иегерлері атанып екінші кезеңге жолдама алды.

Аталмыш байқауға балаларды орталықтың жетекшілері Дауытов Асыланбек және Джакупова Тыныш дайындаған.
Алдағы уақытта балаларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз.