Skip to content
Басты бет » “Жомарт жүрек” сыйлығына онлайн дауыс беру басталды

“Жомарт жүрек” сыйлығына онлайн дауыс беру басталды

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ 2022 жылдың 27 қыркүйегінде қайырымдылық саласындағы үздік меценаттар мен филантроптарды анықтайтын «Жомарт жүрек» республикалық байқауының онлайн дауыс беру кезеңі басталғаны туралы хабарлайды.

«Жомарт жүрек» – бұл қайырымдылық саласындағы маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін өткізілетін жыл сайынғы қайырымдылық сыйлығы. Сыйлық заманауи филантропияның көрнекті жетістіктерін көрсетеді.

Дауыстар 5 номинация бойынша қабылданады:

• Жыл Тұлғасы

ТӨЛЕШОВ ЕЛАМАН МӘЛІКҰЛЫ

• Жыл Меценаты

ДАРАЛИЕВ НҰРЛЫБЕК НҰРБОЛҰЛЫ

• Туған өлке

БАЙМҰРАТОВ ҚАЙЫРБЕК БАҒЫТЖАНҰЛЫ

• Жылдың үздік ұйымы

«ЖАНЕРКЕМАЙ-АТЫРАУ» қоғамдық қоры

• Жылдың үздік қамқоршысы

«INFINITYPLAZAECOPARK» ЭКО-ПАРКІ «ИНФИНИТИ-ОРДА» ЖШС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАСЫ АТЫНАН

Онлайн дауыс беру https://jomartjurek.ruh.kz/ru/ сайтында 27 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтеді. Дауыс беру қорытындысы бойынша республикалық сыйлықты тапсыру рәсімі қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен салтанатты түрде өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.