Алматы қаласында 10-18 жас аралығындағы ерекше балалар арасында «Жұлдызай 2022» Ұлттық Инклюзивті ойыны өтті. Бүкіл аймақты қамтыған жарысқа «ЖанеркемАй-Атырау» қоғамдық қоры жанынан құрылған параспортшыларыда қатысты.

Аталмыш сайыс 6 кезеңнен тұрды «жеңіл атлетика», «кіші аяқ добы», «үстел тенисі», «голбол», «бочча» және дәстүрлі ойындарымыз «асық ату», «бестас».

Жарыста мүмкіндігі шектеулі 300 баланың ішінде әр категория бойынша алдынғы қатардан көрінген жерлестеріміз Кенжеғалиев Еркебұлан Фарухұлы,(1 орын) Оразғалиев Альберт пен Кенжебек Жанерке Сарсенқызы (3 орын) ие болды.
Жүлде иегерлеріне денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!